50303
Петропавлда жарылыс болды (ВИДЕО)
Петропавлда жарылыс болды (ВИДЕО)

Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында көліктің газ қондырғысы жарылды деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Оқыс оқиға бүгін Петропавлдағы Гашек көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде болған. Салдарынан 9 адам зардап шекті.
Жарылыс кезінде ТҚКО ғимараты құлады. Сондай-ақ өрт болған.
Оқиға орнында жедел жәрдем мамандары түрлі деңгейде жарақат алған 9 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әзірге жарақаттанғандар туралы нақты ақпарат жоқ.
Өрт сағат 16:53-те толық сөндірілген. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 10 техникасы мен 43 маманы жұмыс істеді.
Қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.