«2 жыл өтсе де, жанкүйерлер мені ұмытпапты» – Бауыржан Исламхан

«2 жыл өтсе де, жанкүйерлер мені ұмытпапты» – Бауыржан Исламхан

«2 жыл өтсе де, жанкүйерлер мені ұмытпапты» – Бауыржан Исламхан
ашық дереккөзі
50313
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан Өзбекстанмен өткен матчтан соң өзінің жасыл алаңға оралған сәті жайлы айтып берді деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан футбол федерациясы басшылығына, ұлттық құрама бапкерлеріне, жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Өзбекстанмен болған жолдастық ойынға қатыстырғаны үшін, осындай мүмкіндік сыйлағандарына өте қуаныштымын. Өзбекстан – өте жақсы қарсылас құрама. Футбол болған соң жеңіліс те, жеңіс те болады. Бірінші таймда қақпамызға 2 гол өткізіп алдық. Бізде де мүмкіндіктер болды. Оны өзіміз дұрыс пайдалана алмадық. Енді келесі болатын матчқа жақсылап дайындалуымыз керек. 19 қараша күні Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен жолдастық кездесу өткіземіз. Өзім ол жақта ойнағанмын. Білемін. Олар да жақсы команда. Соған қарамастан жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Ұзақ үзілістен кейін алаңға оралғанымда мені қолдап, демеу білдірген жанкүйердерге алғыс білдіремін. Екі жыл өтсе де, жанкүйерлер мені ұмытпапты», - деді Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы.  

Серіктес жаңалықтары