50342
Қазақстанда 147 адамның атында 20 пәтерден бар
Қазақстанда 147 адамның атында 20 пәтерден бар
Бұл жайында елордада өткен Стратегиялық бастамалар форумында «Отбасы Банктің» Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Елімізде 717 мың адамда екіден көп жылжымайтын мүлік бар. 607 мың адамда екі үйден, 84 394 азаматта үш, ал 16 509 адамда төрт жылжымайтын мүлік бар, 4823 адамның атында бес нысан, 1935 адамда алты, 942 адамның атында жеті пәтерден тіркелген.
«Қазақстанда 147 адамның 20 немесе одан да көп пәтері бар. Шамамен 4,3 миллион отбасы осы 6,3 миллион пәтерге иелік етеді. Оған жеке секторлар да кіреді және статистикаға ауылдық аймақтардағы барлық үйлер енгізілген», - деді Ләззат Ибрагимова.