Бір ай бұрын жоғалған ер адам қаладан 58 шақырым жерден табылды

Бір ай бұрын жоғалған ер адам қаладан 58 шақырым жерден табылды

Бір ай бұрын жоғалған ер адам қаладан 58 шақырым жерден табылды
ашық дереккөзі
50285
Екібастұзда бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Департамент мәліметінше, 31 қазанда полицияға жоғалып кеткен Алексей Рыковтың әйелі хабарласып, оның 15 қазанда жұмыс іздеп кеткеннен сол күйі үйіне оралмағанына айтып, көмек сұраған. Облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ жақын өңірлерге хабарламалар жіберілді. Іздеу парағы Екібастұз қаласы мен өңірлік ауылдары бойынша жапсырылып, ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды. Полиция қызметкерлерімен бірге іздеу шарасына волонтерлер мен қала тұрғындары да белсенді қатысты.
«Біз күн сайын іздеуді жалғастырдық. Барлық нұсқалар бойынша жұмыстар пысықталды. Сауалнама кезінде туыстары оны бір айдан астам уақыт көрмегенін және бұрын да ешкімге хабар бермей, үйден кетіп қалатынын айтқан. Екібастұз қаласы ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы Дәурен Қарашашев жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жерін анықтады», – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Белгілі болғандай, Алексей Рыков Екібастұз қаласынан 58 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде ағаш ұстасы болып жұмыс істеп жүрген. Ол өңір бойынша жүріп, түрлі жұмыстар істеген. Оның өзінде ұялы телефоны болмаған.

Серіктес жаңалықтары