Астанада алып сәби дүниеге келді

Астанада алып сәби дүниеге келді

Астанада алып сәби дүниеге келді
ашық дереккөзі
Астанада салмағы 5 075 грамм, бойы 58 сантиметр болатын ұл бала дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Дәрігерлердің айтуынша, босанған әйел №2 КҚА акушерлік блогының қабырғасына түскен.
«Жүктіліктің 41-аптасында толғағы келіп, босану блогына ауыстырылды. Босану жоспары Диананың денсаулығын ескере отырып, консервативті түрде болды. Біз баланың басы жамбастың бойымен алға жылжуын бағалап, босану қарқынын қатаң қадағаладық. Табиғи жолмен босанды. Диананың бұл үшінші мәрте ана атануы, алдыңғы сәбилері де 4500, 4600 грамммен ірі болып дүниеге келген. Анасы да, бала да өздерін жақсы сезінеді», - деді акушер-гинеколог дәрігер Динара Байзаққызы Издибаева.
Дәрігерлердің айтуынша жаңа туған нәрестенің қалыпты салмағы жынысына байланысты: ұлдар үшін 3 400-3 500 грамм, бойы 44,2 - 55,66 сантиметр, қыздар үшін - 3 200-3 400 грамм, бойы 43,6 - 54,7 сантиметр. Орташа қалыпты баланың салмағы 2500-ден 4500 грамға дейін деп саналады.