50210
Байденнің кортежіне кедергі келтірмек болған әйел ұсталды
Байденнің кортежіне кедергі келтірмек болған әйел ұсталды
Байденнің кортежіне кедергі жасаған индонезиялық әйел қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.
G20 саммитіне қатысу үшін келе жатқан АҚШ президенті кортежінің алдында жеке пикет өткізбек болған индонезиялық әйелді полиция қамауға алды. Бұл туралы жергілікті Kompas порталы хабарлаған.
Өз наразылығын білдірмек болған әйелдің әрекетінен еш нәтиже шықпаған. Себебі оқиға орнындағы кезекші полиция қызметкерлері оны тоқтатып үлгерген.
«Ол қолындағы постерлерді ашып та үлгермеді», - деді Бали полициясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Комбес Сетианто.Әйелдің қолындағы қағазда «Соғысты тоқтатыңыз. Адам құқығы. Әлем» деген сөздер жазылған. Комбес Сетианто әйелдің Балиге 11 қарашада достарымен демалу үшін келгенін атап өтті. Ол Байденнің уақыт кестесін G20 саммитінің тікелей эфирінен біліп, жеке пикет өткізбек болған.