20 қараша күні астаналықтар автобуспен тегін жүреді

20 қараша күні астаналықтар автобуспен тегін жүреді

20 қараша күні астаналықтар автобуспен тегін жүреді
ашық дереккөзі
Астанада сайлау күні автобустарда (қалалық және қала маңындағы маршруттар) жол жүру тегін болады деп хабарлады turkystan.kz. Қоғамдық көліктер әдеттегі кесте бойынша сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Ал 21 қарашадан бастап автобустар қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді. Айта кетсек, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру ережесі енгізілді. Осы уақыт ішінде оқушылар 43 миллион сапар жасады. Сондай-ақ азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б. тегін жол жүру ережесін пайдаланады.