Круиздік кемеде 800 адам ковид жұқтырған

Круиздік кемеде 800 адам ковид жұқтырған

Круиздік кемеде 800 адам ковид жұқтырған
ашық дереккөзі
50166
Австралияның Сидней қаласына жеткен круиздік кемеде 800-дей адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. Лайнер бұл мемлекетке Жаңа Зеландиядан жүзіп барған. Бортта шамамен 4600 жолаушы мен экипаж мүшесі болды. Соңғы аптада елдің Жаңа Оңтүстік Уэлс штатында 20 мыңға жуық адамнан ковид табылған. Айта кетейік, Қытайдың Гуанчжоу қаласында COVID-19 жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. Қалада тәулігіне 2 мың жағдай анықталған. Қала билігі тұрғындарды үйден жұмыс істеуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары