Мас жүргізушінің кесірінен 4 жасар бала қаза тапты

Мас жүргізушінің кесірінен 4 жасар бала қаза тапты

Мас жүргізушінің кесірінен 4 жасар бала қаза тапты
ашық дереккөзі
50276
Талдықорғанда 4 жасар бала жол апатынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Апат кезінде BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан 4 жасар бала қаза тапты. Апаттан  зардап шеккен 23 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі және бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
«BMW 530 көлігін 42 жастағы жергілікті тұрғын басқарғаны анықталды. Ол Рақышев көшесінде ВАЗ-2114-пен соқтығысып, тұрақта тұрған Toyota Сhaser көлігіне барып тірелген» деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.
Медициналық куәландыруға сәйкес, неміс шетелдік көлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Ер адам қалалық полицияға жеткізіліп, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары