Жаркенттік жігіт қызғаныштан танысының үйін өртеп жіберді

Жаркенттік жігіт қызғаныштан танысының үйін өртеп жіберді

Жаркенттік жігіт қызғаныштан танысының үйін өртеп жіберді
ашық дереккөзі
50590
Панфилов аудандық полициясына 60 жастағы ер адам үйін өртеген адамға шара қолдану туралы жазбаша арыз қалдырған деп хабарлады turkystan.kz.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қасақана өртеп жіберді деген күдікпен 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті үйде тұратын қызбен таныс. Қыз ер адамның телефон қоңырауларына жауап бермеген, бұл күдіктінің ашуы мен қызғанышын тудырған. Кейіннен ол үйге жасырын кіріп, үйді ішінен өртеп жіберген. Абырой болғанда, өрт  сөндірілді. Тілсіз жау көрші үйлерге таралған жоқ», - деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.
Шығын 25 миллион теңгеге бағаланды. Дерек бойынша, ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлімінде көзделген «қасақана өртеу» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған күдіктіге қатысты «келуге міндеттеу» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.  

Серіктес жаңалықтары