Депутат Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті

Депутат Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті

Депутат Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті
ашық дереккөзі
Ертең депутатқа ота жасалады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«9 қарашада өткен Мәжілістің жалпы отырысында мазамыз кетсе де шыдап, кездескісі келген журналистерге де, түскі асқа да қарамай, жедел ауруханаға жеткенбіз. Президенттің іс басқармасына қарайтын Медициналық орталық дәрігерлері бірден кардиограммаға түсірді де, жүректен бастап, бәрін түгел тексереміз деп бірден жатқызып тастады. «Бүгін үйге барып, ертең киім ауыстырып келем» дегенге де жібермеді. Тіпті, бүгін коронарография тексеруінен соң, палатама қайта жібермей, сол жерден бірден реанимацияға әкеліп жатқызып қойды. Ертең сенбі күні таңертең сағат 9-да жүректің негізгі 3 тамырына шунтирование операциясын жасайды» деп жазды Мәжіліс депутаты.
Оның айтуынша, жүрегіне қан құятын үш тамырдың жұмысы бұзылған.