Боксшы Асланбек Шымбергенов Азия чемпионатының финалына өтті

Боксшы Асланбек Шымбергенов Азия чемпионатының финалына өтті

Боксшы Асланбек Шымбергенов Азия чемпионатының финалына өтті
ашық дереккөзі
50203
Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов бокстан Азия чемпионатының финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Турнир Иорданияның Амман қаласында өтіп жатыр. 71 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Шымбергенов жартылай финалда моңғолиялық Бьямберден Отгонбаатармен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Енді ол турнирдің финалында жұдырықтасады. Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов - халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік əскери ойындардың жеңімпазы.

Серіктес жаңалықтары