50321
Сарапшы Ербосынұлының мәселесіне нүкте қойды: Айдос кінәлі ме?
Сарапшы Ербосынұлының мәселесіне нүкте қойды: Айдос кінәлі ме?
Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Дэвид Моррельдің (8-0, 7 КО) соққыларынан зардап шегуі бапкерлер кінәсінен болды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Санаттағы айырмашылық, физикалық параметрлер Айдостың пайдасында емес еді. Қазақстандық андердог есебінде болды. Жалғыз басымдығы осы еді. Осыны біле тұра, оның командасы жоспар құрмады. Рингте өз орнын жақсы білетін Моррельге қарсы ол ештеңе дайындамағаны көрініп тұрды. Ербосынұлы - нағыз жауынгер. Оның ерік-жігері мықты екен. Ол соңына дейін шыдады. Бір жақты таяқ жегені оның кінәсінен болған жоқ. Бапкер үнемі бақылап отырып, жекпе-жекті қашан тоқтату керегін біледі. Бұл жерде қазақстандықтың бапкері осы сәтті жіберіп алды. Ең маңыздысы - денсаулыққа зиян келмеуі. Айдос өзін бір ай, жарты жыл, жыл өте қалай сезінетінін айту қиын. Сонымен қоса, төрешілер жұмысына қатысты да айтып өткім келеді. Жекпе-жек бір жақты өтіп жатқанын көре тұра, ал боксшы өзін түсініксіз сезініп тұрса, айқасты тоқтату қажет. Адамның өмірі қымбат», - дейді Саенс.