50306
Карина Ибрагимова Азия чемпионатында алтынға таласады
Карина Ибрагимова Азия чемпионатында алтынға таласады

2022 жылы Амманда (Иордания) өтетін бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның үшінші финалисті анықталды деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда филиппиндік Нести Петесиомен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Осылайша, Ибрагимова турнирдің финалына шығып, құрлық біріншілігінің «алтынын» сарапқа салады.
Биылғы жылы Карина Ибрагимова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.