Елімізде автобус саны 15%-ға азайған

Елімізде автобус саны 15%-ға азайған

Елімізде автобус саны 15%-ға азайған
ашық дереккөзі
50312
Статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы автобус саны 82,2 мыңды құраған, бұл 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда 15,5%-ға аз деп хабарлады turkystan.kz «Атамекен» ҰКП аналитика қызметіне сілтеме жасап. Соңғы 10 жылдағы автобус санының азаюы мен халық санының өсуі тұрғындар үшін автобустардың қолжетімділігіне әсер етпей қоймайды. Мәселен, 2012 жылы бір автобусқа шаққандағы адам санының индексі 173 адамды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 231 адамға дейін өскен. Бұл көлік түрінің халыққа қолжетімділігі азайғанын көрсетеді. Өңір бойынша бұл көрсеткіште «көшбасшылар»: Түркістан облысында 1 автобусқа - 615 адам, келесі орында Шымкент, онда 1 автобусқа 395 адам және Алматы облысында 1 автобусқа 395 адамнан келеді. Ал жақсы көрсеткіштер Атырау облысында - 1 автобусқа 120 адам және Қостанай облысында 1 автобусқа 122 адам. л

Серіктес жаңалықтары