50328
Петропавл Жылу электр орталығында қайғылы оқиға болды
Петропавл Жылу электр орталығында қайғылы оқиға болды

Петропавлда 2-жылу электр орталығында жарақат алған 21 жастағы жұмысшы қаза болды деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің өндірісінде ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары бар.
Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, 5 қараша күні Петропавлдың ЖЭО-2 аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитші өндірістік жарақат алды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Ол 7 қараша күні алған жарақаттарынан көз жұмды.
"Сол күні аталған қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады", - делінген полиция хабарламасында.Мәлім етілгендей, тергеу барысында өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалатын болады.