Ескерткіш қоя бергенше спорт, медицина нысандарын салған жөн - Тоқаев

Ескерткіш қоя бергенше спорт, медицина нысандарын салған жөн - Тоқаев

Ескерткіш қоя бергенше спорт, медицина нысандарын салған жөн - Тоқаев
ашық дереккөзі
50236
Мемлекет басшысы Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ойларымен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz.
«Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге, республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес. Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Тағы бір айтайын дегенім, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл - Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе», - деді Мемлекет басшысы Атырау жұршылығымен кездесуінде.

Серіктес жаңалықтары