Ақтөбеде полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарды

Ақтөбеде полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарды

Ақтөбеде полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарды
ашық дереккөзі
Көлік полицейлері Ақтөбе темір жол станциясындағы өтпелі көпірден секірмекші болған әйелді құтқарды деп хабарлады turkystan.kz. 6 қараша күні сағат 13:25-те Ақтөбе темір жол станциясындағы көлік полициясына патрульдік полиция взводының полицейі қоңырау шалып, өтпелі көпірдің үстінде белгісіз бір әйел адамның секіруге ыңғайланып, өзіне қол жұмсағысы келіп тұрғандығы жайында хабарлаған.
"Дереу оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Әділет Құрманбаев пен Шыңғыс Қамбарбеков әйелмен сөйлесіп, оны мұндай әрекеттен бас тартуға көндірген. Көпірден аман-есен түскен әйел полиция бөліміне жеткізілді. Оған алғашқы медициналық және моральдық-психологиялық көмек көрсетілді. Тексеру барысында аталған азаматшаның Ақтөбе қаласының тұрғыны екендігі анықталды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде" деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.
Айта кету керек, жыл басынан бері көлік сақшылары темір жол бойында үш рет суицидті болдырмаған.