Түркістан облысында жасөспірім суицид жасады

Түркістан облысында жасөспірім суицид жасады

Түркістан облысында жасөспірім суицид жасады
ашық дереккөзі
50380
5 қарашада Төлеби аудандық полиция бөліміне жедел жәрдемнен жасөспірімнің өз үйінің ауласындағы мал қорада жіпке асылып қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен деп хабарлады turkystan.kz. Ақпарат алысымен полицейлер бірден оқиға орнына барып, тексеру жұмыстарын жүргізген.
"Сырттай қарау барысында мәйітте зорлық-зомбылық белгілері не болмаса басқа да дене жарақаттары табылмады. Ал өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Төлебилік тергеушілер жасөспірімнің жақындарынан, мектеп ұжымы мен оқушылардан жауап алуда. Мектептегі бейнебақылау камералары мұқият тексерілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары