Президент Бейнеу - Шалқар тасжолының құрылысын сынға алды

Президент Бейнеу - Шалқар тасжолының құрылысын сынға алды

Президент Бейнеу - Шалқар тасжолының құрылысын сынға алды
ашық дереккөзі
Өңір тұрғындары облыстық деңгейдегі жолдың сапасы жөнінде жиі шағым айтады. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылықпен кездесуде айтқаны деп хабарлады turkystan.kz.
«Автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға ерекше мән береміз. Мен бұған дейін «Бейнеу - Шалқар» тасжолы құрылысының маңыздылығы жөнінде айттым. Жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Үкіметке құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды жедел дайындауды тапсырамын. Өңір тұрғындары облыстық деңгейдегі жолдың сапасы жөнінде жиі шағым айтады. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, «Ақтау – Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе» жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісуі керек», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жол сапасы – әр аймақтың даму деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі.
«Азаматтар дамудың нәтижесін жиналыстарда емес, күнделікті өмірде көріп, сезінуі қажет. Сондықтан экономиканың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін облыстың инвестициялық әлеуетін арттырған жөн», - деді ол.