Ақтауда көршілерін абайсызда улап өлтірген тұрғын сотталды

Ақтауда көршілерін абайсызда улап өлтірген тұрғын сотталды

Ақтауда көршілерін абайсызда улап өлтірген тұрғын сотталды
ашық дереккөзі
50324
Маңғыстау облысында пәтерін улау кезінде кезінде санитарлық ережелер мен гигиеналық ережелерді бұзып, екі адамды абайсызда өлтірген ер адам бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. Ер адам өзінің танысының пәтерінде жәндіктерден дезинфекциялау қызметін ұсынып, еліміздің аумағында қолдануға тыйым салынған бірінші санаттағы «Квикфос» өнімін қолданған. Нәтижесінде түссіз улы газ ауаға тарап, көрші пәтерде тұратын жасөспірім қыз бен оның анасы уланып қайтыс болды. Маңғыстау облыстық прокуратура осыған байланысты, тұрғын үй-жайларды зиянкес жәндіктерден тазарту кезінде мамандандырылған ұйымдардың көмегіне жүгінуді қаперге салады. Сонымен бірге, міндетті түрде адам өліміне себеп болмас үшін көршілерге ескертуді талап еді.

Серіктес жаңалықтары