50235
Қапшағай су қоймасында балық тағы қырылды
Қапшағай су қоймасында балық тағы қырылды

Қапшағайда тағы да балық қырылды. Өлі шабақтар нөмірі 11-ші балық шаруашылығы аумағынан табылған деп хабарлады turkystan.kz.
«Балқаш-Алакөл» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше табылған су маржандарының салмағы үш тоннаға жуықтайды.
Қазір экологтар, әкімдік, прокуратура, инспекция мамандарынан құралған жұмыс тобы мән-жайды зерттеп жатыр. Өңірде шабақтардың қырылу себебін анықтау жөнінде штаб құрылып, қылмыстық іс қозғалды.