Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен білім беру сапасына тоқталды

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен білім беру сапасына тоқталды

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен білім беру сапасына тоқталды
ашық дереккөзі
Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Өскемен қаласындағы нан зауытындағы жұмысшылармен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. «Каравай» ЖШС ұжымымен кездесуде кандидат Мейрам Қажыкен білім беру сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
«Мен ауылдан қалаға дейінгі барлық деңгейлерде қолжетімді және сапалы білім беруді жақтаймын.Балалар тек элиталық мектептер мен университеттерде ғана емес, кез келген білім ордасында жақсы білім алуы керек. Бұл бағытты бизнеске айналдыруға болмайды. Өйткені білім-бұл тұлға қалыптастырады. Ал бұл бизнеске айналса қалай және қандай тұлғалар шығуы мүмкін?», - деді М. Қажыкен.