50246
Қазақстан шахматшылары Азия чемпионатында қос жүлде еншіледі
Қазақстан шахматшылары Азия чемпионатында қос жүлде еншіледі

Азия чемпионатында Қазақстан шахматшылары алтын және күміс медаль алды деп хабарлады turkystan.kz ҚР шахмат федерациясына сілтеме жасап.
25 қазан – 4 қараша аралығында Үндістанның Дели қаласында Құрлықтық Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Ринат Жұмабаев шапшаң ойында Азия чемпионы болды. «Күміс» Арыстанбек Оразаевқа бұйырды.
Әйелдер турнирінде қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева блицте 7-орын алып, үздік ондыққа енді.
Ал басты турнир – классикалық шахматта үздік бестікке қазақстандық Лия Құрманғалиева енді. Еске салайық, Италияда өткен Әлем чемпионатында (20 жасқа дейінгілер) Лия чемпион Говхар Бейдуллаеваны жеңіп, 6-орын алған болатын.