51779
«Түнгі мыстан» атанған қазақтың ұшқыш қызы
«Түнгі мыстан» атанған қазақтың ұшқыш қызы
Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Кеңес үкіметінде тек әйелдерден тұратын, тұңғыш, бірден-бір авиация полкі құралды. Оның толық атауы: 46-гвардиялық Таман Қызылтулы Суворов ордені 3-дәрежелі түнгі бомбалайтын авиациялық полкі. Немістер қыздарды қысқаша: «Түнгі мыстандар» - деп атайтын. Аңызға айналған ұшқыш әйелдердің бірі – қазақ қызы Хиуаз Доспанова. Ол бірінші қазақ ұшқыш әйелі ретінде тарихтан орын алды.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы Құрманғазы ауданындағы Зормата ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Оның туған төлқұжатында осылай жазылған. Нақты дерек - осы кеңеске қарайтын "Круглый" деген қоныста туған ғой.
Ол жайында кейін кеңірек мағұлмат беремін. Қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш жауынгер қыз
жайында 1940-1950 жылдарда бүкіл Кеңестер Одағы көлемінде (СССР мемлекеті аталған держава) түрлі басылымдарда өте көп жазылғанын көрдік, оқыдық.
Даңқты жерлесіміздің 1960, 1963 жылдарда орыс тілінде "Под командаванием Расковой", қазақ тілінде "Халқым үшін" деген өзінің жазған кітаптары жарық көргенін білеміз. Әкесі Қайыр Доспанов марқұм партия қызметіне ерте араласып, Орал қаласына қоныс аударуына орай Хиуаз туған ауылдан тым бүлдіршін кезінде кетті. Сондықтан оның окыған мектебін, өскен ортасын бұл ауданнан таба алмайтынымыз рас. Соғыстан кейін Хиуаз апамыз туған жерге оқта-текте соғып кеткенін көрдік. Ол кезде 1950 жылдарда әкесі Қайыр ақсақал осындағы "Коминтерн" колхозында басқарма төрағасы болатын. Хиуаз Алматыда партия, комсомол жұмыстарында болды, оқта-текте орайы келгенде әкеге сәлем беріп кететінін ақсақалдардың айтқандарынан еститінбіз. Қалай десек те кіндік қаны тамған киелі Зормата топырағының рухы үстем болары қақ. Осы өңірде дүниеге келген Махамбет пен Құрманғазыға, Дина мен Хиуазға қиелі қоныстың бір уыс топырағы бұйырмады. Бірақ олардың алдыңғыларының барлығының есімдері халқымен мәңгі бірге жасап келеді, ал Хиуаз апай қалай болар екен?
Батыс өңірден шыққан қазақтың батыр қыздары екеу емес, енді үшеу болды дедік қой жоғарыда. Мәншүк – Оралда, Әлия – Ақтөбеде мәңгілік орындарын тапты.
Дереккөз:«Қаһарман Хиуаз» кітабынан