Мейрам Қажыкен қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Мейрам Қажыкен қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Мейрам Қажыкен қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты
ашық дереккөзі
50222
Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Теміртау қаласына жоспарланған сапарын кейінге қалдырды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген.
«Мен Теміртау қаласына баруды жоспарлаған едім. Бірақ қазір Ленин атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты оны кейінге қалдыруға шешім қабылдадым. Өйткені кейбір азаматтар оны дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Жұмыс қауіпсіздігі мәселесі «ArcelorMittal Temirtau» АҚ кәсіпорындарында өте өзекті. Өткен жылы корпорация шахталарының бірінде қайғылы оқиға болды. Мен тәуелсіз кәсіподақтармен бірлесе отырып, Үкіметтен нақты қайғылы жағдайларды ғана емес, жалпы экономика салаларындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты істердің жай-күйін тергеу үшін мемлекеттік комиссия құруды талап еттім. Оған біз қарапайым жазба жауап алдық. Менде көшірмесі бар» деп жазды ол.
Оның айтуынша, Үкімет және салалық министрліктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің кәсіпорындарында жыл сайын мыңдаған жұмысшылар келеңсіз оиғаға тап болып, жарақат алып немесе өлім құшып жататынын біледі.
«Бірақ, өкінішке қарай, қолданыстағы жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылданып, ілкімді істер қолға алынбайды. Адамдар қауіпті және өте қиын жерлерде жұмыс істеп, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Қолданыстағы заңнама, сондай-ақ қолданыстағы тәжірибе кәсіподақтарға өндірістік жарақаттанудың өсу проблемасын шешуге мол мүмкіндіктер бермейді. Үкімет бұл мәселенің бар екенін қандай да бір қайғылы жағдайлар орын алған кезде ғана біліп жатады. Дәл қазір бұл жазбаны әрі қарай жалғастырудың қажеті жоқ. Бүгінше үнсіз ойланған дұрыс. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қайғырып көңіл айтмын», - делінген жазбада.
Еске салайық, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтада жарылыс болып, бес адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары