Мейрам Қажыкен Өскемендегі сүт өнімдерін шығаратын зауытта болды

Мейрам Қажыкен Өскемендегі сүт өнімдерін шығаратын зауытта болды

Мейрам Қажыкен Өскемендегі сүт өнімдерін шығаратын зауытта болды
ашық дереккөзі
50197
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Өскемендегі «Восток молоко» корпорациясына барды деп хабарлады turkystan.kz. Ол мұндағы жұмысшыларға өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бөлімдерін түсіндірді. Жиындағылар тарапынан экономикалық реформалар мен азаматтық қоғамды дамытуға қатысты сұрақтар болды. Өз кезегінде кәсіпорын басшысы Сейілжан Сайлаубаев инфляцияның өсуі, халық пен бизнестің несиеге батуы,  ең төменгі жалақы көрсеткіші сияқты проблемалық мәселелер бойынша пікір білдірді. М. Қажыкен айтылған пікірлермен келісіп,  бұл тақырыптардың басым бөлігі сайлауалды бағдарламаға енгізілгенін айтты. Ол алдағы уақытта еңбек саласында әлеуметтік әріптестікті дамытуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Компания басшысы бұл мәселе бойынша: «Жұмыс беруші – мемлекет – кәсіподақ» әлеуметтік әріптестік үштігінде біреу көшбасшы бола ма?» деген сауал қойды.
«Кәсіпкерлер мен кәсіподақтар кез келген мәселелерді бірге шешуі тиіс. Ал көшбасшы Заң болуы керек. Біз әркімнің мүддесі ескерілетін және әр азамат өзі үшін шешім қабылдауға, өз мүдделерін қорғауға құқығы бар мемлекет құрып жатырмыз», - деп атап өтті кандидат.

Серіктес жаңалықтары