50284
Сәкен Бибосынов бокстан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Сәкен Бибосынов бокстан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатын жеңіспен бастады деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Бибосынов үндістандық Кумар Спаршпен кездесті.
Жекпе-жек 4:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
Еске салайық, қазақстандық өз салмағында басты фаворит.