Мейрам Қажыкен Өскемен ГЭС ұжымымен кездесті

Мейрам Қажыкен Өскемен ГЭС ұжымымен кездесті

Мейрам Қажыкен Өскемен ГЭС ұжымымен кездесті
ашық дереккөзі
50375
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС-не барды деп хабарлады turkystan.kz. Еңбек ұжымымен кездесу алдында станцияда экскурсия өткізілді. «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС техникалық директоры Олег Изотов жүргізілген күрделі жөндеу, үш гидроагрегаторды жаңарту және станцияның алдағы мерейтойы туралы айтып берді.
«Биыл станция өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біз оны ескі деп есептемейміз. Бұл нағыз еңбек жасы деп айтамыз. Гидротехника ғалымдарының айтуынша, бетон өзінің беріктігін 100 жыл уақыт арасында арттырады. Сондықтан біздің бетон бөгетіміз нағыз жұмыс істейтін уақытына жетті», - деді ол.
Айта кетейік  М. Қажыкен гидротехнология саласымен жақсы таныс. Өйткені ол Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген.
«Мен - инженер-гидротехникпін. Рас, мен кішігірім станцияларды жобаладым. Экскурсия кезінде айтылғандардың бәрін түсіндім. Егер мен экономист болмағанымда, бәлкім осындай станцияларды жобалаған болар едім», - деді ол.
Сайлауалды бағдарламаның қысқаша таныстырылымынан кейін М. Қажыкен станция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, жұмысшылар ГЭС сияқты ірі нысандарды жеке инвесторларға беруге қалай қарайтынын сұрады. Еске салайық, 2021 жылы Араб инвесторларымен Шүлбі және Өскемен гидроэлектростанцияларын жекешелендіру туралы келіссөздер жүргізілген еді.  Алайда кейінірек бұл мәселе ГЭС-ті сенімгерлік басқаруға, оның ішінде жеке компанияларға беру мүмкіндігіне қарай қайта қаралды.
«Бұл жайлы әңгімені нақты кесіп айту қиын. Бірақ мен нысандардың шетелдік инвесторлардың қолында болғанын қаламайтынымды анық айта аламын. Бірақ мемлекеттің қолында болу да ең жақсы шешім деп айта алмаймын. Өйткені бұл жерде көп мәселелер мен кедергілер, бюрократия пайда болады. Ал кәсіпкер қиын жағдайлар туындаған кезде тез шешім қабылдайды. Қазақстанның ірі нысандарды басқара алатын өз кәсіпкерлері бар. Егер объект стратегиялық болса, онда мен екі жолды көремін: не мемлекеттің 100% басқаруы, не жеке инвесторға беру, бірақ мемлекеттік органдар тарапынан қатаң бақылауда болу керек. Өйткені, бұл - ұлттық қауіпсіздік мәселесі», - деп түсіндірді кандидат.
Жиын барысында үміткер ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстармен айналысатын әйелдердің жайын және зейнеткерлік жасының төмендеуі, қоршаған ортаның ластануы, соның салдарынан халықтың денсаулығының нашарлауы сияқты тақырыптарды егжей-тегжейлі талқылады.
«Қажетті өзгерістер мен мәселелердің барлығын қалыптасқан жүйені реформалау жолымен шешу қажет», - деп атап өтті М.Қажыкен.

Серіктес жаңалықтары