Айсұлу Ерниязова жаңа қызметке тағайындалды

Айсұлу Ерниязова жаңа қызметке тағайындалды

Айсұлу Ерниязова жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
51290
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен болып Айсұлу Ерниязова тағайындалды. Ол министрлікте студенттердің құқықтарын қорғаумен айналысады деп хабарлады turkystan.kz. Айсұлу Ерниязова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, журналистика магистрі. 2021 жылы «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша Экономика және бизнес жоғары мектебінің философия докторы (PhD) атанды. 2016-2017 жылдары студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының «G-38» қоғамдық қорын басқарды. 2017-2018 жылдары Халықаралық бизнес университетінде Жастар саясаты орталығының басшысы болып жұмыс істеді. 2018-2021 жылдары «Қазақстанның еріктілер лигасы» қоғамдық қорын басқарды. 2021-2022 жылдары халықаралық білім беру корпорациясының әлеуметтік даму жөніндегі директоры қызметін атқарды. 2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасының орынбасары болды. Сонымен қатар Айсұлу Ерниязова «AMANAT» партиясының республикалық Саяси Кеңесінің және Ұлттық құрылтайдың мүшесі. «Шапағат» және «Халық алғысы» мемлекеттік наградаларының, «Алтын барыс» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері, «Үздік ерікті» номинациясының жеңімпазы, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты.

Серіктес жаңалықтары