Қазақ қызы Қытайдың ең жоғары мемлекеттік сыйлығына ие болды

Қазақ қызы Қытайдың ең жоғары мемлекеттік сыйлығына ие болды

Қазақ қызы Қытайдың ең жоғары мемлекеттік сыйлығына ие болды
ашық дереккөзі
Қытайлық белгілі өнер жұлдызы Риза Әлімжанқызы Flying Apsaras сыйлығын алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Биыл 33-рет үлестіріліп отырған Flying Apsaras сыйлығы – Қытайдың телеөнер саласындағы ең жоғары мемлекеттік марапаты. Риза Әлімжанқызы «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясының иегері атанды. «Minning Town» телехикаясы өткен жылы қаңтар айында Қытайдағы көрермені ең көп бес телеарнада қатар көрсетіліп, жұрт өте жоғары бағалаған еді. Оған Қытайдың Нинся дүнген автономиялық регионының Сихайгу аймағындағы ауыл тұрғындарының кедейлікпен күресі арқау болады. Телехикаяда Риза қазымыр әкенің қатал үкіміне көнбей, тағдырын өз қолына алған қайсар қыз Ли Шуйхуаның бейнесін сомдап, актерлік шеберлігімен көрермендерді тәнті етеді. 1 қараша кеште Бейжіңдегі Шоуган аренасында өткен сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімінде Риза Әлімжанқызы толқып тұрып:
«Мен бақытты жан екенмін. Қазылар алқасына, еңбегімді бағалаған көрермендерге мың алғыс. Өздеріңізге ана тілімде алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер, рақмет!» - деп ағынан жарылды.