«Бұл туралы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқықтық басқармасының қорытындысы бар. Тиісінше, нүкте қойылады. Ішінара жұмылдыру аяқталды. Қорғаныс министрлігі әскери комиссариаттарға кез-келген шақыру қағаздарын одан әрі жібермеу туралы жеделхаттар жіберді», - деді ол.
Песков Путиннің ішінара жұмылдыру туралы жарлығы орындалғанын айтты. Ескі жарлық бойынша жаңа шақыру толқыны болмайды.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара жұмылдыру басталатыны туралы жарияланған еді.