Қазақ жазушысы Лондонда өтіп жатқан фестивальдің финалына өтті

Қазақ жазушысы Лондонда өтіп жатқан фестивальдің финалына өтті

Қазақ жазушысы Лондонда өтіп жатқан фестивальдің финалына өтті
ашық дереккөзі
50230
Қазақ жазушыларының бірі Бақытбек Қадыр "Жасыл шатырлар" әңгімесімен Лондонда өтіп жатқан әдебиет фестивалінде "Шағын проза" категориясы бойынша финалға өтті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайлы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері Айнұр Ахметова әлеуметтік желіде жазды.
"Бірінші орында тұр (!). Фестивальге барлық жастағы авторлар қатысқан, яғни жасына қарай шектеу қойылмаған. Әлішерге басқа әңгімесі ұнаса, осы шығармасы аса көңілімнен шыққан еді. Арнайы мақала да жазғам. Осы фестивальге өзім қатысқандай ерекше қуанып отырмын. Бақытбекке ары қарай жеңіс тілейміз! Лондон сахнасында марапатталған сәтін күтеміз" деп жазды Айнұр Ахметова.
Бұл ақпаратты қаламгердің өзі де растады.
"Лондонда өтетін Open Eurasia-2022 әдебиет фестивалінің финалына шықтыңыз деген сүйінші жаңалық жетіп, қуанып қалдым. Әзірге мен үшін бұл да жеңіс. Құттықтап, тілеулес боп жатқан барша әдебиетсүйер достар және өзіме жанашыр жандарға зор алғыс айтамын!" деп жазды Бақытбек Қадыр.

Серіктес жаңалықтары