Прокурор Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
ашық дереккөзі
Атырау прокуратурасының өкілі Бақытгүл Хаменоваға 7 жыл жаза беруді ұсынды. Сондай-ақ ол «Құрмет» орденінен айырылуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. 31 қазанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Сот отырысында прокуроратура өкілі Лаура Асанова облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан және «Құрмет» орденінен айыруды ұсынды.
«Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сотталушыда кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын», - деді Лаура Асанова.
Прокуратура өкілі облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевты 7 жылға, пара беру күдігіне ілінген Өміртай Адамовты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевқа, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.