70 млн долларға сатылған түсініксіз туындының авторы кім?

70 млн долларға сатылған түсініксіз туындының авторы кім?

70 млн долларға сатылған түсініксіз туындының авторы кім?
ашық дереккөзі
50684
70,5 миллион долларға сатылған мына картинаны кім салғанын білесіз бе? Білмесеңіз, өзім айтайын: мұның авторы 1926 жылы өмірге келген Сай Твомбли. Ол Бостондағы бейнелеу өнері мұражайының мектебінде оқыған. Сондай-ақ Вирджиниядағы беделді университетіне қабылданып, Нью-Йорктегі шығармашылық студенттер лигасына түсіп, Солтүстік Каролинадағы колледжде тағы бір жыл оқыған. Бұл адам әскери криптограф ретінде АҚШ-та қызмет еткен. Кейінірек Италияға қоныс аударып, мүсінші ретінде шеберлігін шыңдаған. Бұдан бөлек, оны мифология шабыттандырады. Жоғарыдағы суретті автор 1970 жылы салған. Ал 2014 жылы бұл туынды аукционда 70.5 млн АҚШ долларына сатылған. Картинаның атауы жоқ. Шығармашылықтағы осы бағыттың атауы - экспрессионизм. Оған Эдвард Мунктің әйгілі «Айқайы» тиесілі. Дегенмен, Твомблидің шығармалары одан әлдеқайда өзгеше. Оның кезекті мына туындысына назар салыңыз: [caption id="attachment_201875" align="alignnone" width="1366"] width= «Леда мен аққу» аталатын бұл картина 52,9 миллион долларға сатылған.[/caption] [caption id="attachment_201878" align="alignnone" width="1366"] width= «Sesostris тәжі» туындысы да қымбатқа сатылған.[/caption] [caption id="attachment_201879" align="alignnone" width="1366"] width= Ал мынау Твомблидің «Бахус» деп талатын картинасы.[/caption] Автордың туындыларындағы ой мен мән-мағынаны түсіндіріп беру біз үшін өте қиын.  Өкінішке қарай, шығармалары түсініксіз болғанына қарамастан, қымбатқа бағаланған туындылардың авторы 2011 жылы өмірден өтіп кетті.  width=

Серіктес жаңалықтары