Қазақстанға Украинадан 23 мың шетелдік студент ауысуға ниетті - министр

Қазақстанға Украинадан 23 мың шетелдік студент ауысуға ниетті - министр

Қазақстанға Украинадан 23 мың шетелдік студент ауысуға ниетті - министр
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан университетінің оқытушыларымен кездесуде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 23 мың студент Украинадан Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысқысы келетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz Astana TV арнасына сілтеме жасап. Оның айтуынша, Қазақстанға ауысуға Үндістан мен пәкістандық жастар өтініш білдіруде.
«Украинаның медициналық университеттерінде оқитын үндістандық және пәкістандық студенттер елдегі саяси жағдайға байланысты ол жерде оқи алмайды. Сол себепті олар Қазақстанға көшкісі келеді. Енді біз оған не істейміз, сол ойландырады», – деді министр.
Сонымен қатар Ресей жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен де осындай өтініштер келуде. Онымен қоса, Қазақстандағы медициналық университеттерде профессорлар да сабақ беруге ниет білдірген.
«Біз академиялық инфрақұрылым туралы байыпты ойлауымыз керек. Біз осындай мөлшерде адамдарды қабылдай аламыз ба, қабылдағаннан кейін қалай сіңіседі, оның бәрі толғандырады. Бұл қысым күшейе түседі», – деді Саясат Нұрбек.
Мәселені шешу үшін университеттер ғимараттарын кеңейту емес, сонымен қатар цифрлық жоғары оқу орындарын да көбейту керек екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленуде.