Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді
ашық дереккөзі
Бүгін Астана қаласында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің Telegram арнасына сілтеме жасап. Отырысқа Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.