«Үздік жас отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды

«Үздік жас отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды

«Үздік жас отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды
ашық дереккөзі
50459
Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Конкурсқа 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар (ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған болуы керек) қатыса алады. Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту. Конкурстың міндеттері:
  • дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және отбасына жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
  • жастар арасында ұлттық, мәдени дәстүрлер мен отбасылық әулеттерге құрмет;
  • жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру;
  • салауатты отбасылық демалысты ұйымдастыру;
  • отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;
  • жас отбасыларға қолайлы көңіл күй сыйлау;
  • мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау.
Отбасылар келесі жүлделерге ие бола алады:
  • 1 орын – 500 000 тг
  • 2 орын – 350 000 тг
  • 3 орын – 250 000 тг
Өтініш беру үшін Telegram мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет:
  1. Сканерленген неке туралы куәлік.
  2.  Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі.
  3.  Байланыс мәліметтері.
  4. Instagram аккаунты.
  5. «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек?» тақырыбына бейнеролик.

Серіктес жаңалықтары