- Премьер-лига ойындарына тіркелген стадиондардың футбол алаңдарында жерасты жылыту жүйесінің немесе жанкүйерлерге арналған орындары бар толық көлемді жабық манеждердің болуы жөнінде міндетті талап. 2023 жылдан бастап климаты салқын аймақтар үшін (Астана қаласы, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары), 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – қалған аймақтар үшін;
- 2024 жылдан бастап премьер-лигаға қатысатын стадиондар үшін жанкүйерлерді электронды жүйе арқылы стадионға кіргізу (электронды турникеттер) мен Led-борттардың болуы жөнінде міндетті талап.
Футбол ардагерлеріне ҚФФ стипендиясы беріледі

Футбол ардагерлеріне ҚФФ стипендиясы беріледі
26 қазан күні елордада орналасқан Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Күн тәртібінде футбол клубтарын лицензиядан өткізу мәселелері, футбол инфрақұрылымдарының талаптарын күшейту, футбол клубтары үшін 2023 жылғы маусымның алғашқы тіркеу кезеңінің мерзімін бекіту және өзге де сұрақтар талқыланды.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Атқарушы комитет келесі шешімдерді қабылдады:
1. УЕФА ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиядан өткізу ережесін бекіту;
2. УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу үшін әйелдер футбол клубтары арасында лицензиядан өткізу ережесін бекіту;
3. ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиядан өткізу ережесін бекіту;
4. Футбол инфрақұрылымдары бойынша ҚФФ регламентін бекіту, оның ішінде: