50239
Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz liter.kz-ке сілтеме жасап.
«Тергеу соты Мәсімов пен Садықұловтың қамау мерзімін 2022 жылдың 6 желтоқсанына дейін, Ерғожинді - 13 желтоқсанға дейін, Осиповты - 22 желтоқсанға дейін ұзартты» делінген хабарламада.Еске салсақ, Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов 8 қаңтарда ұсталды. 13 қаңтарда билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталды.