Жамбылдықтар шахандықтарға 1 вагон цемент жіберді

Жамбылдықтар шахандықтарға 1 вагон цемент жіберді

Жамбылдықтар шахандықтарға  1 вагон цемент жіберді
ашық дереккөзі
 Жамбыл облысындағы зауыт төтенше жағдайдан зардап шеккен шахандықтарға бір вагон цемент жөнелтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы «Мыңарал Тас Компани» ЖШС Мыңарал цемент зауытынан Шахан кентіндегі апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек қорына бір вагон цемент жіберді. Гуманитарлық жүк Мойынқұм ауданы Мыңарал стансасынан жөнелтілді.
Кәсіпорындарға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 68 тонна құрылыс материалдары бөлінді.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысындағы Шахан ауылында 60 пәтерлік тұрғын үй кіреберісінің жертөлесінде бу қазандығы жарылып, салдарынан кіреберіс құлады. Төтенше жағдайдан 9 адам қаза тауып, 15 пәтер зардап шекті.