Тоқаев депутаттың туған күніне тамаша тарту жасады

Тоқаев депутаттың туған күніне тамаша тарту жасады

Тоқаев депутаттың туған күніне тамаша тарту жасады
ашық дереккөзі
50320
Бүгін Ақорда төрінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар табыстады. Салтанатты шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских «Құрмет» орденін иеленді. Бір қызығы, осы бір айтулы оқиға депутаттың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр деп жазды turkystan.kz. Геннадий Шиповских  1989 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Сексеуіл кентінде туған. Бүгін ол 33 жасқа толды. Бұл жайлы депутат өзі айтып берді.
«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, қазақтың «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер?!» деген жақсы бір сөзі бар. Бүкіл әлем үшін дәл қазіргі қиын геосаяси кезеңде сіз қазақстандықтар үшін татулық пен бейбітшілікті сыйлап жатырсыз. Сол үшін сізге алғыс білдіремін. Бұдан бөлек, өзіңіз білетіндей, қазақ халқында үш саны да киелі саналады. «Үш бар  жерде күш бар» дейді қазақта. Ал бүгін мен 33 жасқа толып отырмын. Бүгін – менің туған күнім! Сондықтан да туған күнімде өзіңіздің қолыңыздан осындай «Құрмет» орденін алу – мен үшін үлкен мәртебе, әрі құрмет. Құрметті Президент мырза, құрметті жиналған қауым, Республика күні құтты болсын!» - деді депутат Мемлекет басшысының қолынан марапат алғаннан кейін.
Бұл жағдайдың жай ғана сәйкестік екенін айта кетейік. Еске салсақ, сенбіде Президент Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды.

Серіктес жаңалықтары