12 жасар баланы ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

12 жасар баланы ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

12 жасар баланы ұрып-соққан ер адам қамауға алынды
ашық дереккөзі
50221
Балаға күш көрсеткен азаматтың кінәсі сотта дәлелденді деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Тереңкөл аудандық сотының мәлімдеуінше, сот ӘҚБтК-нін 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік қамаққа алу туралы жазасын тағайындады. Оқиға, 8 қазан күні Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында болған. Осы жанжалдың нүктесі қойылды. Сот материалдарында 44 жастағы ер адам ұлымен жанжалдасқан көрші ауылдың 12 жасар баласын қолымен ұрып, содан кейін аяғымен тепкені дәлелденді.
ҚР ӘҚБтК–нің 73-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және жеті тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалсын, - деп хабарлады Тереңкөл ауданының сотында.
Қамаққа алу мерзімі 2022 жылғы 20 қазандағы 16 сағат 39 минуттан бастап есептеледі.

Серіктес жаңалықтары