Атырауда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты

Атырауда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты

Атырауда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты
ашық дереккөзі
50198
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы бүгін түскі уақытта болғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Қала маңындағы Еркін қала-2 ауылында 40 және 5 көшелерінің қиылысында Skoda көлігі қосалқы жолдан шығып кетіп, кейін Yutong автобусымен соқтығысқан. Соққыдан автобус үйдің қоршауына соғылған. Оқиға салдарынан Skoda көлігінің 1966 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазір тиісті құжаттар жинақталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары