Әлихан Смайылов Арменияға барды

Әлихан Смайылов Арменияға барды

Әлихан Смайылов Арменияға барды
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Ереванға жұмыс сапарымен барды деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қырғызстанның Үкімет басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Министрлер кабинетінің төрағасы Михаил Мишустин қатысып жатыр.
«Қазіргі уақытта шағын форматтағы отырыс өтіп жатыр, оның барысында өнеркәсіптік кооперативтік жобаларды қаржыландыру, электрондық сауданы әкімшілендірудің бірыңғай талдамалық жүйесін әзірлеу, Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі шаралар, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі қадамдар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқылануда», - деп жазылған хабарламада.