Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы ұрған

Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы ұрған

Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы ұрған
ашық дереккөзі
50185
Павлодар облысының полицейлері жасөспірімді ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Instagram желісінде ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, оны балағаттап жатқан видео жарияланды.
– Полиция осы видео бойынша тексеру жүргізді. 8 қазан сағат 14:00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Балада дене жарақаттары бар. Қорытынды бойынша, денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген. Осыған байланысты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 қазанда материал сотта қаралады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер бұл жағдайдың себебі жасөспірім мен ер адамның арасындағы келіспеушіліктен туғанын түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары