"Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында, күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, қар түседі", - деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді. Астанада бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 3-8, таңертең және күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°С, күндіз +8...+10°С. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +11...+13°С. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +12...+14°С.
«Қар жауады»: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қар жауады»: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер Қазақстаның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауатынын ескертті деп хабарлады turkystan.kz.