Заңсыз ауланған бекіре бір отбасын берекеден айырды

Заңсыз ауланған бекіре бір отбасын берекеден айырды

Заңсыз ауланған бекіре бір отбасын берекеден айырды
ашық дереккөзі
50352
Атырауда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, нәтижесінде екі жергілікті тұрғын - әкесі мен баласы ұсталды. Олардан 300 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді деп хабарлады turkystan.kz. Күдіктілердің бірінің үйінің жанындағы Нива автокөлігін, сондай-ақ гараждағы балықты сақтау орнын тінту кезінде шамамен 300 кг бекіре балығы тәркіленді. Әкесі мен баласы заңсыз ауланған балықты сатуды жоспарлағаны анықталды. Қылмыстық іс «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас» ҚР ҚК 339-бабы бойынша тіркелді, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалды. «Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қылмыстың барлық мән-жайлары анықталуда. Ұсталғандар қамалды» делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары