Атырауда жаңа мешіт ашылды

Атырауда жаңа мешіт ашылды

Атырауда жаңа мешіт ашылды
ашық дереккөзі
50271
Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылының мешіті  пайдалануға берілді деп хабарлады turkystan.kz. 850 орындық мешітке Қайтпай Сұлтан есімі берілсе, ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев және облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты. Ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындардың басын қосқан салтанатты жиында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы жұртшылыққа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  құттықтауын жеткізді. Жаңа мешітке бас имам болып бұған дейін Жылыой аудандық орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарған Ажок Саясатұлы Сарсекеев тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары