Онда Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы және Су саласын реформалау жөніндегі республикалық кеңеске дайындық барысы қаралды.
Мәселен, 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасында су шаруашылығы инфрақұрылымы мен табиғи су объектілерін қалпына келтіру, су үнемдеуді экономикалық ынталандыру, мониторинг жүйесін дамыту, кадрлар даярлауды жақсарту және т.б. іс-шаралар көзделген.
Отырыс барысында алдағы Республикалық кеңесте елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакеті қаралатыны атап өтілді. Атап айтқанда, су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру, су заңнамасын жетілдіру және ұлттық жобаларды іске асыру қаралмақ.